Ссылки доступа

Еуроодақ пен Орталық Азия Астанада кездеседі


Желтоқсанның 21-де Астанада «Орталық Азия – Еуропа одағы» форматында министрлер кездесуі өтеді.

Еуропа делегациясын Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини бастап келеді, ал Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан тараптарына аталған елдердің сыртқы істер министрлігінің басшылары жетекшілік етеді.

Өзбекстан СІМ хабарлауынша, күн тәртібіндегі мәселе – «түрлі саладағы аймақаралық әріптестікті әрі қарай дамыту, халықаралық және аймақтық түйткілді мәселелер туралы пікір алмасу».

Сапар барысында Қазақстан мен Еуропа одағы арасында әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойылады.

XS
SM
MD
LG