Ссылки доступа

Иракта ұзақ жылдан соң тұңғыш рет "сұлулық ханшасын" таңдады


I
I

1972 жылдан бері тұңғыш рет өткен сұлулық байқауының жеңімпазы Шайма Касим өз қызметі арқылы «террор мен зорлық-зомбылықтың алдында Иракты сұлулық пен мәдениеттің елі» ретінде көрсеткісі келетінін мәлімдеді.

20 жастағы Шайма Касим Бағдадтағы қонақүйлердің бірінде қатаң қауіпсіздік шараларының арқасында өткен сайыстың жеңімпазы атанды. Киркук қаласынан келген студент бойжеткен 9 арудың ішінен үздік деп танылды. Сұлулық сайысынан қыздардың іш киіммен жүру бөлігі алып тасталды. Бұл шараны БАҚ, мәдениет және ақпарат жөнінегі үкіметтік емес Аль-Мада қоры ұйымдастырған.

Аль-Арабия телеарнасының хабарлауынша, шара қазан айында өтуі тиіс болған. Бірақ жергілікті дін өкілдері мен тайпа жетекшілері сайысты адамгершілікке жат деп атаған соң, ол кейінге қалдырылған. Екі қыз белгісіз біреулердің қорқытуынан сайысқа қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG