Ссылки доступа

Астана Сирия бойынша жаңа қарарды құптайды


Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге бағытталған қарарын және әлем қауымдастығының бұл елдегі қанды қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жасаған батыл қадамын қолдайды.

Қазақстан СІМ мәлімдемесінде, Астана БҰҰ жарғысы негізінде болашақта жаһандық антитеррорлық желіге айнала алатын, террорға қарсы майдан құру бастамасын да құптайтыны туралы айтылған.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі желтоқсанның 18-де, Сириядағы жағдайды саяси жолмен шешу туралы қарарды бірауыздан қабылдады. Мұның алдында Кеңестің бес тұрақты мүшесі Сирияда оқ атуды тоқтатуға және ұлттық келісім үкіметін құруға бағытталған екі жылдық жоспарды қамтитын құжат мәтінін өзара мақұлдасты. Сирия билігі мен оппозиция арасындағы келіссөздерді 2016 жылдың қаңтарында бастау көзделген.

XS
SM
MD
LG