Ссылки доступа

Қырғызстанда Су кодексіне түзету енгізуді кейінге қалдыруды сұрауда


Қырғызстан үкіметі парламенттің аграрлық саясат, су ресурстары, экология және аймақтық даму комитетінен Су кодексіне енетін өзгертулерді қарауды кейінге қалдыруды сұрап отыр.

Министрлер кабинеті мұны сарапшылар тобының заң жобасын әзірлеп үлгермегенімен түсіндіреді.

Мұздықтарға әсеі тиетін тау-кен жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін және Давыдов пен Лысый мұздықтарын көшіруге рұқсат ететін құжат үкіметтің бастамасы боп табылады. Министрлер кабинеті Су кодексіне түзетулер енгізбесе, Құмтөрдегі жұмыстардың тоқтап қалатынын ескерткен еді.

Шілденің басында Қырғызстанның қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы мемлекеттік агенттігі «Центерра голд» компаниясына Құмтөр кен орнын 2015 жылдың желтоқсан айының 31-не дейін игеруге рұқсат етті.

XS
SM
MD
LG