Ссылки доступа

Путин Астанамен байланыстың маңыздылығын баса айтты


Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Еуроодақ әріптестік аясын кеңейту туралы келісімге қол қоярдан бірер сағат бұрын Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының жемісті түрде дамып жатқаны туралы мәлімдеді.

«Біз кедендік реттеу, техникалық реттеу және басқа да мәселелер бойынша ережелерімізді сәйкестендіру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. Мұның бәрі сөзсіз оң нәтиже береді»,- деді Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльдегі кездесуінде.

Қазақстан Ресей үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ең белді мүшесі. Путиннің сөздері Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол қойылған күні айтылды.

Астана мен Брюссель бір жыл бұрын төрт жылға созылған келіссөздерді аяқтаған еді. Еуроодақ Орталық Азиядағы ең ірі экономикаға ие Қазақстанмен ынтымақтастығын күшейтуге ұмтылады.

XS
SM
MD
LG