Ссылки доступа

Америкалық зымыран тасығышы Жерге сәтті қонды


Дүйсенбі күні Space X америкалық ғарыш компаниясының бірінші кезеңдегі зымыран-тасығышы тарихта бірінші рет орбитаға ғарыш аппаратын жеткізіп, жерге сәтті қонды.

Falcon 9 зымыранын ұшыру дүйсенбі күні кешкісін Канаверал айлағында орын алған. Іске қосқаннан кейінгі бірнеше минөттерден соң бірінші кезеңдегі зымыран-тасығышы бөлініп, қозғалтқыштың көмегімен жылдамдықты бәсеңдете отырып, Канавералдың арнайы тағайындалған орнына сәтті қонған. Space X жекеменшік компаниясының негізін қалаушы және ғарыш кемесін жасаушы Элон Маск бұл оқиғаны «революциялық сәт» деп атады.

Дәстүрлі рәсім бойынша, ғарыш аппаратын ұшыру кезеңінде ең қымбат зымыран-тасығыш тек бір рет ғана қолданылатын. Ол ғарыш нысанын орбитаға ұшырғаннан кейін, бөлініп, атмосфераның тығыз қабатында жойылатын. Енді Жерге оралған зымыран-тасығышынан кейін Элон Маск ғарыш аппаратының ұшыру құны әлдеқайда қысқарылады деген үмітте. Осының алдындағы зымыран-тасығышын екі рет жерге қондыру әрекеті сәтсіз болған.

XS
SM
MD
LG