Ссылки доступа

Душанбеде 24-25 желтоқсанда тәжік- өзбек саяси кеңесі өтеді


Өзбекстан мен Тәжікстан СІМ делегациясының саяси кеңесі Душанбеде 24-25 желтоқсанда өтеді.

Бұл жөнінде Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған. Онда делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары басқарады делінген.

Алдын бұл кездесу 17-18 желтоқсанда жоспарланған. Бірақ Душанбе тарапынан кейінге қалдырылды. Себебі де түсіндірілмеді.

Өзбекстан СІМ хабарламасында кеңес барысында Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдай, аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланатыны айтылған.

Тәжікстан мен Өзбекстан тәуелсіздіктерін алған 1991 жылдардан бері қарым-қатынастары біркелкі емес. Тәжікстан Рогун ГЭС-ін салу туралы шешім қабылдағаннан бастап, екі ел арасындағы қарым-қатынас бірден суыды. Ташкент әлі күнге дейін Рогун ГЭС құрылысының аяқталуына қарсы.

XS
SM
MD
LG