Ссылки доступа

Түркия Сириядағы ресейлік шабуылдарды айыптады


Syria -- People inspect a site hit by what activists said were airstrikes carried out by the Russian air force in Idlib, December 20, 2015
Syria -- People inspect a site hit by what activists said were airstrikes carried out by the Russian air force in Idlib, December 20, 2015

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Ресейдің сириялық Идлиб қаласына жасаған әуе шабуылын айыптап, Сирия аумағының «орыс империалистік мақсаттарының» бөлігіне айналмайтынын мәлімдеді.

Желтоқсанның 20-да, Сирияның солтүстік-батысындағы көтерілісшілердің қолындағы Идлиб қаласының орталық базарына, бірқатар үкіметтік ғимараттар мен тұрғын үйге жасалған әуе соққысының салдарынан ондаған адам мерт болды. Ресей бұл жерге әуеден соққы бергенін растамай отыр .

Давутоглу желтоқсанның 22-де Ресейдің Сириядағы әуе шабуылдары негізінен үкіметке қарсы оппозициялық күштер мен бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталғанын, "нәтижесінде оппозиция күштері әлсіреп, биліктен айырылып қалған өңірлерде лаңкестердің күшейіп алғанын " мәлімдеді.

Сирия президенті Башар әл-Асадтың биліктен кетуін жақтайтын Түркия Ресейдің аймақтағы әрекеттерін қатаң сынайды. Мәскеу Асадтың ежелгі одақтасы саналады.

XS
SM
MD
LG