Ссылки доступа

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді


U.S. -- US Treasury Secretary Jack Lew and Ukrainian Finance Minister Natalie Yaresko (R) walk at the Treasury Department in Washington, March 16, 2015
U.S. -- US Treasury Secretary Jack Lew and Ukrainian Finance Minister Natalie Yaresko (R) walk at the Treasury Department in Washington, March 16, 2015

АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдемесінде санкциялар Ресейдің Минск келісімін орындамағанына байланысты және РФ-на Украина аумағының тұтастығын сыйлату мақсатында салынғаны жазылған.

АҚШ қаржы министрлігі жаңа шектеу шараларын Украинадағы қақтығысқа және Қырымды басып алуға қатысы бар ресейлік кәсіпорындар мен қаржы ұйымдарынаа қарсы қолданады. Қаржы министрлігінің сайтында санкцияға іліккен тұлғалар мен кәсіпорындардың тізімі жарияланды.

АҚШ тізіміне енген бірқатар жеке және заңды тұлғалар бұған дейін, Еуропалық Одақтың санкцияларына ұшыраған еді. АҚШ қаржы министрлігі бұл жағдай Ресейдің Украинаға қарсы әрекетіне берілетін трансатлант жауабының мызғымас бірлігін көрсететінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG