Ссылки доступа

Алматыда Березовкадағы балалардың жаппай улануы туралы фильм көрсетілді


Kazakhstan – School employees carry student Lubov Voskoboy to the medical service after she collapsed. Berezovka, 18Sep2015

Kazakhstan – School employees carry student Lubov Voskoboy to the medical service after she collapsed. Berezovka, 18Sep2015

Алматыда адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның баспасөз орталығында Батыс Қазақстан облысының ауылындағы жұмбақ дерт туралы «Березовканың ұмыт болған балалары» деп аталатын жаңа фильм көрсетілді.

Crude Accountability ұйымының фильмі Березовка ауылындағы 25 мектеп оқушысының жаппай улану оқиғасының бір жылдығына арналған. Жергілікті тұрғындар бұл жағдайды көрші орналасқан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнынан тарайтын улы заттармен байланыстырады.

Оқыс оқиғаға кінәлілер сол күйі анықталмады, балалар әлі күнге ауырады. Фильмде сөйлеген белсенділердің айтуынша, көп ата-ананың баласын емдетуге жағдайы жоқ. Газдан улану туралы жорамалды билік жоққа шығарады. Дегенмен шенеуніктер кен орны төңірегіндегі санитарлық аймақтың кеңеюіне байланысты Березовканың басқа жерге көшіру туралы шешім қабылдады.

XS
SM
MD
LG