Ссылки доступа

Сириядағы жікшілдермен байланысты деген күдікке ілінген отбасы қуғынға ұшырады


Kyrgyzstan - Ala-Buka. Photo Azamat Attokurov, 2014
Kyrgyzstan - Ala-Buka. Photo Azamat Attokurov, 2014

Қырғызстанның Ала-Бука ауданындағы Кажар ауылының тұрғындары бірнеше мүшесі Сирияға барды және экстремистік топпен байланысы бар деп саналатын отбасын ауылдан қууда.

Жалал-Абад облыстық ІІБ тәртіп сақшыларының аталған жайтты тексеріп жатқанын хабарлады. Бұл отбасының жеті бірдей мүшесі Сириядағы әскери ұрыс аймақтарына барғаны, кейінірек бесеуінің Қырғызстанға қайтып келгені жайлы дерек бар.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тергеу-тексеру амалдары аяқталмайынша түсініктеме бермейтінін хабарлады.

Ресми дерек бойынша, Қырғызстанның 500-ге жуық азаматы Сирия мен Ирак аумағындағы халықаралық террорлық ұйымның қатарында жүр.

XS
SM
MD
LG