Ссылки доступа

Тәжікстанда адвокат экстремизмге айыпталуда


Tajikistan -- Tajik advocate Buzurgmehri Ravshan, Dushanbe, 30Aug2011
Tajikistan -- Tajik advocate Buzurgmehri Ravshan, Dushanbe, 30Aug2011

Алаяқтық жасады деп айыпталған тәжік адвокаты Бузургмехр Ёровқа «экстремистік қауымдастық құрды», «жария түрде жікшілдікке шақырды» және «ұлтаралық жікшілдік тудырды» деген жаңа айыптар тағылуда.

Елде тиым салынған Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясы белсенділерінің адвокаты ретінде танымал Бузургмехр Ёров қыркүйек айында өзінің қорғауындағы адамның азаптауға түскенін мәлімдегеннен кейін, алаяқтық және құжаттарды заңсыз қолдан жасау баптары бойынша ұсталған болатын.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі қылмыстық істің «құпиялығын» уәж етіп, Ёровқа қарсы жаңа айыптаулар туралы түсініктеме бермей отыр. Қыркүйектің 28-де тергеушілер Ёровтың адвокаттық кеңсесінен Тәжікстанның исламдық қайта өркендеу партиясының қамаудағы белсенділеріне қатысты құжаттарды алып кетіп, артынша адвокатты жауап алуға шақырған болатын.

Ёровтың туыстарының айтуынша, тергеу абақтысындағы кездесуде ол өзіне тағылған жаңа айыптарды мойындамайтынын, адвокат болғандықтан ешқашан экстремистік бағыттағы ешқандай әрекетке бармағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG