Ссылки доступа

Ирак әскері «Ислам мемлекетінің» шептерін шаубылдауда


Iraq -- Iraqi pro-government tribal forces hold a position in the Tel Mushaihed area, east of Ramadi, a large city on the Euphrates 100 kilometres (60 miles) west of Baghdad. December 16, 2015
Iraq -- Iraqi pro-government tribal forces hold a position in the Tel Mushaihed area, east of Ramadi, a large city on the Euphrates 100 kilometres (60 miles) west of Baghdad. December 16, 2015

Ирак әскері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы содырларының қолындағы Рамади қаласының орталық бөлігін жаулап алу мақсатында шабуылға көшті.

Террорға қарсы бөлімдердің арнайы өкілі Сабах аль-Нумани бүгін Ирак әскерінің Рамадидың орталығындағы үкіметтік ғимараттарға қарай жақындағанын хабарлады. Нуманидің мәліметінше, ұрыс осы ғимараттармен көрші аудандарда да жүріп жатыр, Ирак авиациясы әуеден қолдау көрсетуде.

Бағдадтан жүздеген шақырым жерде орналасқан Рамадиды босату операциясы қалаға баратын жолдарға бақылау орнатуға тырысқан бірнеше ай бойғы ұмтылыс жүзеге асқан соң, желтоқсанның басында басталды.

Анбар провинциясының әкімшілік орталығы Рамадидың мамыр айында содырлардың қолына өтуі, Ирак үкіметі үшін ең ірі жеңіліс болған еді. Ирак арнайы қызмет орындарының дерегінше, Рамадидағы ИМ содырларының саны 250-ден 300-ге дейін жетеді.

XS
SM
MD
LG