Ссылки доступа

Еуропаға бір миллионнан астам мигрант келген


2015 жылы Еуропаға бір миллионнан астам мигрант пен босқын келген. Оның 972 мың 500-дейі Жерорта теңізін кесіп өткен. Теңіз арқылы Еуропаға жетпек болғандардың 4 мыңға жуығы қайтыс болған немесе ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Бұл жөнінде БҰҰ-ның босқындар жөніндегі мекемесі мен миграция жөніндегі Халықаралық ұйымның хабарламасында айтылған.

Онда мигранттар еуропалық Одақтың төмендегі алты елі арқылы кесіп өткен: Грекия, Болгария, Италия, Испания, Мальта және Кипр.

Жерорта теңізінен өтіп, Еуропаға жеткен мигранттардың жартысынан астамы — елінде жүріп жатқан соғыстан қашуға мәжбүр болған сириялықтар. 20 пайызы ауғандықтар болса, 7 пайызы Ирактан шыққандар.

Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның басшысы Уильям Лейси Свинг «миграциядан қашып құтыла алмайсың, ол – маңызды» деп атап өтті.

Оның сөзінше, қауіпсіз әрі заңды миграцияға жағдай жасау керек. Сонымен бірге еуропалықтардың қауіпсіздіктеріне байланысты алаңдаушылықтарын да есепке алу керек деді. Ал БҰҰ-ның босқындар жөніндегі мекемесінің жетекшісі Антонио Гуттереш кейбір елдерде мигранттар көші теріс көзқарас туғызғанымен, олар қазір тұрып жатқан қоғамға өздерінің жағымды жақтарын көрсетіп жатқанын

XS
SM
MD
LG