Ссылки доступа

Қырғызстанда қасқырлар шабуылы үдеп кеткен


Қырғызстанның Нарын облысы Орук-Там елдімекенінде екі адам қасқырдың шабуылынан ауруханаға жатқызылды. Бұл жөнінде аудандық білім басқармасының маманы Кенжебай Кыдыров хабарлады.

Оның сөзінше, шабуыл сәрсенбі күні таңертеңгісін орын алған. Сағат 7.00 шамасында жергілікті мектептің пеш жағушысы жұмысқа қарай бет алғанда, екі қасқыр шабуыл жасаған. Сол маңайда болған тағы бір адам зардап шеккен. Олардың қазіргі денсаулықтарды қалыпты деп бағаланып отыр.

Кыдыров адамар тез жиналып, қасқырларды қуып үлгергенін айтады.

Алдын, 2015 жылдың басынан бері Нарын облысында үй жануарларына қасқырлар шабуылы үдеп кеткені айтылған болатын. Қасқырлар 12 миллион сом көлемінде шығын әкелген.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, қасқырларға қарсы 63 аңшы тобы құрылған. Олар жыл басынан бері 18 бөрі мен 42 қаншық өлтірген.

Үкіметтің қаулысы бойынша, аңшылар әр өлтірген қасқырға 5 мың сом көлемінде сыйақы алады.

XS
SM
MD
LG