Ссылки доступа

«Түрік мәселесі» ҰҚШҰ ішіндегі алауыздықты көрсетті


Turkey – Turkey flag in Bosphorus and Sultanahmed Camii, Blue Mosque, Istanbul, Turkey

Turkey – Turkey flag in Bosphorus and Sultanahmed Camii, Blue Mosque, Istanbul, Turkey

Ресейлік БАҚ Мәскеуде өткен ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының соңғы саммиті Реесейдің одақтастары арасындағы алауыздықты байқатты деп жазады.

«Московский комсомолец» газеті кездесудің журналистер үшін жабық есік жағдайында өткенін және «Арменияның өкілі одақтастардың әскери альянсына басшылық ете алмағанын», бұған одақтастардың «мұндай қадам Түркияға қарсы ашық жаулық ниет секілді көрінуі мүмкін есебінде санағаны себеп болса керек»,- деп жазады.

ҰҚШҰ мүше елдерің басшылары «Ислам мемлекетіне» қарсы кең ауқымды антитеррорлық коалиция құруға шақырса да, Сириядағы ресейлік әскери іс-қимылдарды ашық қолдаған мәлімдемелер жасалмады.

Сарапшы Аркадий Дубновың пікірінше, « Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі жақын одақтастарының ішінде, Мәскеудің Сириядағы әрекеттері мен Анкарамен қарым-қатынасына байланысты ортақ көзқарас жоқтығы туралы бұған дейінгі айқын жайт расталды.»

ҰҚШҰ құрамына бұрынғы КСРО-ның алты елі – Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

XS
SM
MD
LG