Ссылки доступа

Алматыда Nakanune.kz редакторы Гузяль Байдалинова ұсталды


Kazakhstan - Guzyal Baidalinova, Kazakh opposition journalist. Almaty, 8Jun2015
Kazakhstan - Guzyal Baidalinova, Kazakh opposition journalist. Almaty, 8Jun2015

Оппозициялық «Республика» веб-сайтының редакторы Ирина Петрушова Nakanune.kz оппозициялық сайтының редакторы Гузяль Байдалинованың үш тәулікке қамалғанын хабарлады.

Бұған дейін Байдалинова мен оның әріптесі Юлия Козлова Алматы қалалық ІІД-де жауап алуда болған, мұның алдында полиция қызметкерлері олардың пәтерлерін тінткен еді. Полиция өкілдері «Казкоммерцбанк» және өзге де тұлғалар туралы әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін» «Республика» және Nakanune.kz интернет басылымдарының үстінен қылмыстық іс қозғалғанын» мәлімдеген болатын.

Nakanune.kz бұған дейін «Республика» газетінде істеген бірнеше журналистің ұйымдастыруымен ашылған. «Республика. Деловое обозрение» басылымы, оның веб-сайты мен қосымшасы – жалпы алғанда 30-ға жуық оппозициялық БАҚ жұмысына 2012 жылы сот шешімімен тиым салынған болатын. Биылғы жылдың мамырында Медеу аудандық соты Nakanune.kz иесі ретінде Гузяль Байдалиноваға «Казкоммерцбанктің» шағымы бойынша 20 миллион теңге төлеуді және сайт бетінен «Казкомның» марлезон балетіндегі жаңа па» деп аталатын мақаланы алып тастауды міндеттеді. . Сотқа шағымданған банк сайттағы мақала беделіне нұсқан келтіргенін мәлімдеді.

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева биліктің Nakanune.kz оппозициялық сайтына қарсы әрекетін сынға алды.

XS
SM
MD
LG