Ссылки доступа

Шойгу: Ресей ИМ-ге қарсы тұру үшін Қырғызстан әскерін қайта қаруландырады


Russia -- Russian Defense minister Sergei Shoigu attends the exhibition showing works of military artists studio M.B. Grekova at the Manezh exhibition hall in Moscow, January 28, 2014
Russia -- Russian Defense minister Sergei Shoigu attends the exhibition showing works of military artists studio M.B. Grekova at the Manezh exhibition hall in Moscow, January 28, 2014

Ресейдің қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу «Ислам мемлекетімен», ауған бағытындағы өзге де террорлық ұйымдармен күрес аясында Ресейдің Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсететінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол ҚР қарулы күштері Бас штабының бастығы Жаныбек Капаровпен Мәскеудегі кездесуінде айтты.

«Өз тарабымыздан, Қырғызстан қарулы күштерін қайта жарақтандыру жоспарын орындауға міндеттеме аламыз, бұл олардың төнген қауіп-қатерге қарсы тұруы үшін қажет», – деді Шойгу.

Шойгу одан әрі: «Біз нақты қауіпті көріп отырмыз және сіздер де оларды байқап отыр деп ойлаймын», – деді. Ол сонымен бірге, Қырғызстандағы әріптестерінің Ауғанстанда бұрыннан бар террорлық ұйымдардан бөлек, ИМ жаңа бөлімдері пайда болғанын көріп-біліп отырғанына және күш біріктіру арқылы «Қырғызстанды осындай қауіптерден қорғайтын қорғаныс жүйесін құратындарына» сенім білдірді.

XS
SM
MD
LG