Ссылки доступа

Ресей «Ислам мемлекетіне» қарсы тәлібтермен байланыс орнатқан


Russia -- Zamir Kabulov, Russian presidential envoy to Afghanistan, January 21, 2011

Russia -- Zamir Kabulov, Russian presidential envoy to Afghanistan, January 21, 2011

РФ президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Ауғанстандағы «Ислам мемлекетіне» қарсы күресте мүдделері тоғысатындықтан Ресей тәлібтермен байланыс орнатқанын мәлімдеді.

Кабуловтың сөзінше, тәлібтердің ИМ-мен күресуінің себебі, соңғысы тәлібтерді «Аль-Каида» секілді халифат құру және жаһандық жихад сияқты трансұлттық мақсаттарға пайдаланғысы келеді.

"Тәлібтер мұны сезіп қойды, сондықтан олар «ИШИМ»-ге кәдімгідей соққы беруде. Ауған және пәкістандық тәлібтер Аль-Бағдадиді халиф ретінде, жалпы ИМ ұйымын мемлекет деп қабылдамайтындарын айтты. Бұл өте маңызды", – деді Кабулов.

Кабулов Ресейдің Ауғанстанға қару жеткізгуе дайындығын, бірақ мұны «сақтықпен әрі коммерциялық мақсатты көздемей істетінін» мәлімдеді. Ауған қауіпсіздік күштерін дайындауға тырысып жатқан НАТО-ның әрекетін "тиімсіз" деп атаған Кабулов Ауғанстандағы жағдайдың асқынуы Ресей, Орталық Азия және жалпы өңір үшін «стратегиялық қауіп» тудыратынын айтты.

XS
SM
MD
LG