Ссылки доступа

Өзбекстан мен Иран әуе рейстерінің санын көбейтеді


Uzbekistan - new airport, Tashkent, undated

Uzbekistan - new airport, Tashkent, undated

Өзбекстан мен Иран қалаларының арасында қатынайтын әуе рейстерінің санын 16-ға дейін көбейтуге келісті. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігі хабарлайды.

Осыған қатысты келісім Тегеранда қол қойылған екі ел әуе компаниялары өкілдерінің арасындағы өзара келісім меморандумының құрамына енген.

Қазір Ташкент пен Тегеран арасында аптасына екі реет ұшақ қатынайды. Жақын уақытта Шираз, Исфахан, Мешхед, Самарқанд пен Бухара арасында тікеей әуе жолын ашу көзделген.

XS
SM
MD
LG