Ссылки доступа

Грузияда сотталғандарға кітап сыйлауға болады


Georgia -- Police and ambulance at Tbilisi 139th secondary school. Tbilisi, 3June2015
Georgia -- Police and ambulance at Tbilisi 139th secondary school. Tbilisi, 3June2015

Грузияда «Сотталғанға кітап сыйла» деп аталатын шара өтпек. Оған кез келген адам қатыса алады.

Шара желтоқсанның 25-27-де Жаңа жылдық кітап фестивалі аясында Ұлттық парламенттік кітапханада өтеді.

Шараны ұйымдастырушылардың хабарламасында: «Осы шара арқылы біз түрме кітапханасын толықтырамыз, түрмедегілердің бір сарынды өмірін кішкене болса да өзгертеміз, жаңа жылмен құттықтап, оларды ұмытып кетпегенімізді білдіреміз»,- делінген.

Фестиваль Грузия Ұлттық парламенттік кітапханасы қолдаған грузин баспагерлері мен кітап таратушылары қауымдастығының ұйымдастыруымен өтеді.

XS
SM
MD
LG