Ссылки доступа

Вашингтон Орталық Азиямен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті


Мемлекеттік департамент 2016 жылы да АҚШ аталған аймақпен ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі көмекшісінің орынбасары Дэниэл Розенблюм АҚШ 2016 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерімен C5+1 форматта диалогты дамытуды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

"Біз С5+1 форматында әріптестерімізбен жұмысты жалғастырамыз. Жұмыс істейтін нақты бағыттарды айқындаймыз. Бұл жөнінде бір-бірімізге хабарлап отырамыз", —деді Розенблюм сәрсенбі күнгі телефон арқылы брифингте.

Оның пікірінше, 2015 жылы АҚШ-тың Орталық Азиямен өзара ынтымақтастық жоспары "атаулы" болды.

"АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің аталған бес елдің сыртқы істер министрлерімен кездесуді ерекше атап өткім келеді. Нью-Йоркте қыркүйек айында министрлермен бірінші кездесу өтті. Қараша айында өткен кездесу мұнан да мағыналы болды. Ол Самарқанда болды әрі бұл Самарқанд декларациясы деген атауға ие болды. Министрлер 2016 жылы C5+1 форматта кездесу жөнінде шешім қабылдады. Онда аймақтармен АҚШ-тың қызығушылықтары талқыланады ", — деді Розенблюм.

XS
SM
MD
LG