Ссылки доступа

Терроризм күдігімен Өзбекстан азаматтары ұсталды


Жалал-Абал қаласы орталығында қаруланған төрт адамды терроризм күдігімен ұстады. Бұл жөнінде Қырғызстанның Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, ұсталғандардың екеуі – Қырғызстан азаматы болса, екеуі – Өзбекстан азаматы.

Милиция олар қалада теракті ұйымдастыру жөнінде жоспарлары болуы мүмкіндігін айтады. Тұтқындалғандардан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеген. Олар көпқабатты үйдегі пәтердің бірінде тығылған. Екеуі көшеде, қалған екеуі пәтерде ұсталғандығы хабарланды. Олардың үстерінен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG