Ссылки доступа

Ресей Қырғызстанда ГЭС құрылысы жобасын жүзеге асыра алмайды


Қырғызстан президенті Ресей Камбар ата ГЭС-1 және Жоғарғы нарын сарқырамасы ГЭС құрылысының жобасын жүзеге асыра алмайтынын мойындады.

Бұл жөнінде бейсенбі күні өткізген қорытынды баспасөз мәслихатында Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей экономикасының қазіргі жағдайы бұл нысандарға инвестиция құюға мүмкіндік бермейді. «Мен шын мойындаймын, егер күтіп отырсақ, бұл жоба бірнеше жылға қалып қойуы мүмкін. Мен РФ басшысы Владимир Путинмен бірге Ресей энергетика министрімен сөйлестім. Көктем кезінде олар бір дәлел айтып еді, жазда басқа дәлел айтты. Осылай мәңгі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан мен Путинге басқа әріптес іздейміз деп ашық айттым. Мен бұл құрылыс жобаларын салуға инвесторлар табылатынына сенімдімін», - деді Алмазбек Атамбаев.

Ол мұны сезіну қиын екенін, бірақ ащы шындық осылай деп атап өтті.

XS
SM
MD
LG