Ссылки доступа

Самарқанда Ислам Каримовтің үлкен ағасы қайтыс болды


Самарқанда Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің үлкен ағасы Ибодулло Каримов қайтыс болды.

Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, 91 жастағы Ибодулло Каримов 24 желтоқсанға қараған түні көз жұмған. Алдын ала ақпарат бойынша, Каримовті Самарқандағы "Шахи Зинда" ескерткіш кешені аумағына жерлейді. Ислам Каримовтің тағы бір ағасы да осы кешен аумағына жерленген.

"Шахи Зинда" - 1370-1449 жылдары Афрасиаб қаласына жақын аймақта орналасқан ежелгі ерекше сағана. Тарихи деректер бойынша, "Шахи Зинда" хандар мен ақсүйектер жерленетін орын саналады.

XS
SM
MD
LG