Ссылки доступа

Меркельмен кездесуде көз жасына ерік берген босқын саяси баспана алатын болды


Germany -- German Chancellor Angela Merkel listens to a Palestinian refugee girl who gave her name as Reem during a forum discussion organised by the Chancellery in the northern city of Rostock, July 15, 2015

Germany -- German Chancellor Angela Merkel listens to a Palestinian refugee girl who gave her name as Reem during a forum discussion organised by the Chancellery in the northern city of Rostock, July 15, 2015

Неміс канцлері Ангела Меркель өзіне елден шығарылуы мүмкін екенін айтқанда жылап жіберген 14 жастағы палестиналық қыз Германияда уақытша қалуға рұқсат алды.

Bild газетінің жазуынша, отбасын Ливанға қайтару туралы Меркельге қойған сұрағымен БАҚ назарына іліккен Рим Сахлвиль елде 2017 жылдың қазан айына дейін қала алады. Редакция елдің шығысындағы Росток қаласындағы иммиграциялық кеңседен осындай хабар алғанын жариялады. Қыздың ата анасы мен бауыры да Германияда қалатын болды.

Биылғы жылдың шілдесінде Ростоктағы оқушылармен кездесуінде Меркель Римге, "кейде саясаттың тым ауыр іс" екенін айта келіп, Германия өз аумағына ұмтылған барлық адамды қабылдай алмайтынын айтқан болатын. Осы сөздері үшін канцлер сынға ұшырады. Содан бері Time және Financial Times Меркельді Таяу Шығыстағы қақтығыстардан босқан адамдар үшін елінің шекарасын ашқан жыл адамы деп жариялады.

XS
SM
MD
LG