Ссылки доступа

Алматы метросының бұрынғы директоры тоғыз жылға сотталды


Kazakhstan –- New metro station Sairan. Opening ceremony. Almaty,18Apr2015

Kazakhstan –- New metro station Sairan. Opening ceremony. Almaty,18Apr2015

Алматы қаласының Медеу аудандық № 2 аудандық соты «АлматыМетроҚұрылыс» компаниясының бұрынғы директоры Мұратбай Өкшебаевты Алматы метросы құрылысына бөлінген қаржыны қымқыру секілді бірнеше қылмысқа айыпты деп таныды.

Сот жазасын тоғыз жыл жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы шешім шығарды және бес жыл бойы мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқару құқынан айырды.

Өкшебаевпен бірге айыпталған Ербол Қалдыбаев пен Константин Антипов сегіз жылға бас бостандықтарынан айырылып, дүние-мүлкі тәркіленетін болды және оларға үш жылға мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқаруға тиым салынды. Сот тергеушілердің 2010-2012 жылдар аралығында қылмыстық топ жымқырды деп санайтын 2,5 миллиард теңгені сотталушылардан мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы шешім шығарды.Сотталушылар үкімге шағымданатындарын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG