Ссылки доступа

Ресейде валюта айырбастау ережелері күшейді


Russia -- A board shows currency exchange rates of the U.S. dollar and euro against the Russian rouble is seen in central Moscow, November 13, 2015
Russia -- A board shows currency exchange rates of the U.S. dollar and euro against the Russian rouble is seen in central Moscow, November 13, 2015

Ресейдің Орталық банкінің шешімімен желтоқсанның 28-нен бастап, айырбасталатын валюта сомасы 15 мың рубльден асқан жағдайда, адамдар өздері туралы толық мәлімет беруге тиіс болады.

Бұл шаралар аясында, сауалнама толтырылып, клиенттің тәуекелі бағаланады,ол туралы құжаттама жасалып, мәліметтер жаңартылып отырады. Бұл тәртіптің "қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы» федералды заңның талаптарын орындау үшін қабылданғаны айтылады.

Мамандардың есебінше, жаңа ереже күшіне енген соң, валюта айырбастау операциясын жүзеге асыру уақыты ұзарады және қосымша ауыртпалық жүктейтін болады. Банктер мұндай операцияларды қолма-қол ақшасыз жолдарға ауыстыруға тырысады, бұл өз кезегінде қолма-қол валютамен істейтін айырбастау бекеттері санының күрт азаюына әкеледі.

XS
SM
MD
LG