Ссылки доступа

Маңғыстау облысында наразылық танытқан жұмысшыны соттап жатыр


Маңғыстау облысы Қарақияқ аудандық сотында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қызмет көрсететін Techno Trading LTD компаниясының операторы Абай Қалиев ісін тыңдау басталды.

Techno Trading LTD директоры Әділ Ниязов жауап берушіден кешірім сұрауын әрі Абай Қалиев наразылық танытқан кездегі моральдық өтемақы үшін деп 500 мың теңге төлеуін талап етіп жатыр.

Жауап беруші Абай Қалиев сот залында тек қана еңбек ақыны төлеу жөніндегі ұжымдасқан хатқа қол қойып, «Нұр Отан» партиясының өкілімен кездесу кезінде кәсіподақ мүшесі ретінде сөйлегенін айтты. Ол компания директорына моральдық тіл тигізетіндей ештеңе айтпадым дейді.

Судья Бауыржан Шайдуллин арызданушыдан соттың келесі отырысында моральдық залал келтіргенін дәлелдеуін сұрады.

Алдын Абай Қалиев Азаттыққа 2015 жылдың мамыр айында Techno Trading LTD жұмысшылары еңбек ақыны өсіру және жұмыс орнын қысқартпау жөнінде митинг өткізгенін хабарлаған болатын.

XS
SM
MD
LG