Ссылки доступа

БАҚ: А321 ұшағына қойылған жарылғыш заттың түрі анықталды


Тергеушілер Синай аралының төбесінен ұшып бара жатқан кезде апат болған ресейлік А321 ұшағына қойылған жарылғыш заттың түрін анықтаған. Теракті құрбандары 224 адам.

«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, тергеу ісіне жақын ақпарат көзі жарылғыш 1960 жылдары АҚШ-та жасалған Си-4 пластикалық жарылғыш құрылғының негізінде жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта оның түрлерін көптеген елдер шығарады. Сол себептен бұл терактіні орындаушыларды табуды қиындатады деген.

Тергеу ісінің мәліметіне сәйкес, жарылғыш затты бортқа әуежай қызметкерінің бірі қойып, электронды таймерді іске қосқан. «Коммерсанттың» ақпарат көзінің айтуынша, бомбаны салонның соңына жолаушы орындығының астына қойған.

Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиғаны теракті деп баға берсе де, әлі күнге дейін бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Ал Египет билігі болса, теракті болғанын жоққа шығарады. Осы апаттан кейін Ресей билігі ұшақтарының Египетке ұшуына тыйым салды.

XS
SM
MD
LG