Ссылки доступа

ЕҚЫҰ бақылаушылары Коминтерново елді мекенінде атыстың астында қалды


Украинада Донецк обласындағы Коминтерново елдімекенінде ЕҚЫҰ бақылаушылары атыстың астында қалды деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. Алайда ешкім зардап шекпеген.

Өздерін өздері жариялаған Донецк халықтық республикасы (ДХР) оқ атқан украин әскерлері дейді. Ал Киев бұл ақпаратты жоққа шығарып, атысты ДХР тарапынан жасалған арандатушылық деп атады.

Алдын Украинаның Басштабы «сұр аймақта» орналасқан Коминтерново елдімекенін сепаратистер басып алған деп хабарлаған болатын. Украин әскерінің мәліметінше, ДХР көтерілісшілері аталған ауылға оқ ататын нүктелер орналастырған.

Соңғы тәуліктерде Донбастағы шабуылдан бір украин әскері қаза тауып, үшеуі жараланған деп хабарлады Украин президентінің әкімдігі.

XS
SM
MD
LG