Ссылки доступа

Ирак әскері соңғы бір жарым жылда ИМ-ге қарсы соғысқан ірі жеңісті атап өтіп жатыр


Ирак әскері ел астанасы Бағдадтың батысындағы Анбар елдімекеніндегі Рамади қаласын бақылауға алғандарын мәлімдеді.

Бұл - соңғы бір жарым жылдағы елдің солтүстігі мен батыс аймағын басып алған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен соғыстағы ирак әскерлерінің ірі жеңісі.

Рамадиді қайтарып алу бірнеше аптаға созылған. 27 желтоқсанда елдімекеннің әкімдігіне шабуылмен кірген. Әскерилердің сөздеріне қарағанда, операцияның соңғы кезеңіне қаладағы барлық қарсылық ошақтарын басу қалған.

Америкалық әскери қызмет өкілдері, АҚШ басқарып отырған коалиция ирак әскерлері Рамади қаласын басып кіргені жөніндегі ақпаратты әзірге растай алмайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG