Ссылки доступа

Юлдуз Усманова Ислам Каримовке «падишах» деген ән арнады


22 желтоқсанда 52 жастағы Өзбекстанның эстрада жұлдызы Юлдуз Усманова Тәшкенттің «Навруз» мейрамханасында ел президенті Ислам Каримовке арнап жаңа ән арнады.

«Мен бірнеше жылдан бері Өзбекстанды басқарып, бейбітшілік мен келісімді сақтап келе жатқан біздің падишахқа, халықтың әкесіне арнап ән жаздым. Мен оған мың есе алғыс білдіремін», - деді Юлдуз Усманова 500 қонақтың алдында.

Президент Ислам Каримов туып-өскен Самарқанды мақтаудан басталды. Ол өзінің әнінде Каримовті Әмір Темірдің (Темірлан — түрік қолбасшысы) мұрагері деп атады.

Жиналған қонақтардың арасында дипломатиялық миссияның өкілдері, оның ішінде Түркияның Өзбекстандағы елшісі Намик Гюнер Эрпул болған.

XS
SM
MD
LG