Ссылки доступа

Баку Душанбеге гуманитарлық көмек жібереді


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев үкіметке Душанбенің сұрауы бойынша 7 желтоқсанда Таулы-Бадахшан автономды облысында болған жер сілкінісіне байланысты Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді.

Көмекті Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізеді. Мекеменің мәліметі бойынша, көмектің құны — 800 мың манат болады.

«Вестник Кавказ» порталының ақпараты бойынша, Таулы-Бадахшан автономды облысында болған күшті жер сілкігісі ғимараттардың қирауы мен адам өліміне әкелген.

XS
SM
MD
LG