Ссылки доступа

Донецкіде жікшілдер ЕҚЫҰ бақылаушыларын атқылады


Ukraine -- International observers of the OSCE wait at a checkpoint during a weapon inspection tour in Ulyanivske, some 100 km east of Donetsk, March 19, 2015

Ukraine -- International observers of the OSCE wait at a checkpoint during a weapon inspection tour in Ulyanivske, some 100 km east of Donetsk, March 19, 2015

ЕҚЫҰ желтоқсанның 27-де, Донецк облысының Коминтерново кентінің маңында бақылаушылар миссиясына оқ атты деп жікшілдерді айыптады.

Ұйым есебінде оқтың 150-200 метр жерден атылғаны туралы жазылған, ал украин әскерінің шептері Коминтерноводан алыста орналасқандықтан, тек жікшілдердің ғана оқ атуы мүмкін.

Оқ астында қалған ЕҚЫҰ бақылаушыларының жанында өздері жариялаған «Донецк халық республикасы» қорғаныс министрлігінің өкілі Эдуард Басурин болған. Адам шығынына ұласпаған осы жайттан соң, ол оқты украин әскерінің ғана атуы мүмкін екенін мәлімдеді. Киев болған оқиғаны арандатушылық деп атап, бұл ақпарды терістеді.

Бұған дейін, Украинаның Бас штабы жауласқан екі жақтың ортасында қалған Коминтерново кентінде жікшілдердің бекінгені туралы хабарлаған еді. Украин әскерилерінің мәліметінше, ДХР содырлары кентте атыс ұяларын құрып, шептеріне апаратын жолдың бәрін миналап тастаған.

XS
SM
MD
LG