Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар биліктің журналистерді сотпен қудалауына алаңдаулы


Kazakhstan – Regional Media Forum /journalist, mass-media, newspaper, TV/. Almaty, 20Sep2010
Kazakhstan – Regional Media Forum /journalist, mass-media, newspaper, TV/. Almaty, 20Sep2010

«Кылым шамы» адам құқықтарын қорғау жөніндегі орталығы мен «демократия және азаматтық қоғам үшін коалициясы» журналистер Дайырбек Орунбеков пен Уран Ботобековтердің сотпен қудаланғанына алаңдаушылық білдірді.

Президент пен парламенттің атына жолданған хатта аталған ұйымдар журналистерге салынған айыппұл мөлшерінің жөнсіз көбейтілгенін хабарлайды. Журналист Дайырбек Орунбековке 2015 жылдың маусымында Қырғызстан президентінің ар-намысына тигені үшін екі миллион сом көлемінде айып төлеу туралы шешім шығарылған. Журналист бір мақаласында президент Алмазбек Атамбаев пен Уақытша үкіметтің өзге мүшелерін, олардың әрекеті 2010 жылғы маусым оқиғаларына себепші болды деп айыптаған еді.

Мемлекет басшысының кеңесшісі Икрам Илмияновтың шағымы бойынша, 2015 жылы шілденің 5-де, Свердлов аудандық соты журналист, оппозициялық «Улуттар биримдиги» партиясы атқарушы комитетінің төрағасы және саяси кеңесінің мүшесі Уран Ботобековтен «ар-намысына тигені үшін» 1,8 миллион сом өндіру туралы шешім шығарып, оның пәтері мен банк есепшоттарына тыйым салды.

Ботобеков ««Вечерний Бишкек» газетінің төңірегіндегі жағдайды «рейдерлік басқыншылық» деп атап, бұған президент пен оның төңірегіндегілерді кінәлаған еді.

XS
SM
MD
LG