Ссылки доступа

Қыздығын қалпына келтірудің құны 450 доллар


Tajikistan -- Tajik wedding, undated

Tajikistan -- Tajik wedding, undated

Тәжікстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері Исфара тұрғынынан қыздығын қалпына келтіргені үшін сыйақы алды деген күдікпен әйелдерге кеңес беруші маманды ұстады.

ІІМ желтоқсанның 28-де өткен аптада Исфарадағы әйелдерге кеңес беру қызметінің маманы 20 жастағы жергілікті тұрғыннан қыздығын қалпына келтіргені үшін 3000 сомони (шамамен 450 АҚШ доллары) алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлады. Ақша айғақзат есебінде алынды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Қыздың пәктігі тәжік қоғамында бойжеткенді күйеуге берерде үлкен маңызға ие және отбасылық қарым-қатынастың ажырамас бөлігі боп табылады. Ресми деректерге қарағанда, былтыр республикалық сот-медицина сараптамасы орталығына Душанбе мен түрлі аудандардан бойжеткеннің пәктігін тексеру туралы 600 өтініш түскен.

XS
SM
MD
LG