Ссылки доступа

Тәжікстан СІМ Иранның елшісіне нота табыстады


Tajikistan -- Oyatulloh Faghoni, ambassador of Iran in Tajikistan, 9Feb2015
Tajikistan -- Oyatulloh Faghoni, ambassador of Iran in Tajikistan, 9Feb2015

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі желтоқсанның 29-ы күні, кешке Иран Ислам республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Худжатулло Фигонидың Тәжікстан СІМ-не шақырылғанын хабарлады.

Кездесу барысында желтоқсанның 27-де Тегеранда өткен ислам бірлігі туралы Халықаралық конференция тақырыбы сөз болған. Кездесу соңында Иран елшісіне Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі нота тапсырды.

Онда: “министрлік Конференцияға Тәжікстанда мемлекеттік төңкеріс жасау арқылы конституциялық билікті басып алмақ болғаны үшін қылмыстық іс арқалаған және Интерпол желісімен іздеу жарияланған экстремистік және террорлық исламдық қайта өркендеу партиясының бұрынғы төрағасы Мухиддин Кабиридің қатысқанын өкінішпен ескертеді", - делінген.

Тәжікстанның СІМ конференция ұйымдастырушыларының әрекетін қабылдай алмайтынын және "Тәжікстан мемлекеті мен ұлтының қарсыластарына бұлай көңіл бөлудің Тәжікстан Республикасы мен Иран Ислам республикасының арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін» екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG