Ссылки доступа

«Азаттық» тілшісі жемқорлыққа қарсы күрес туралы сайыстың жеңімпазы атанды


Kyrgyzstan - Ulan Egizbaev, correspodent of Radio "Azattyk." Bishkek, August 9, 2013
Kyrgyzstan - Ulan Egizbaev, correspodent of Radio "Azattyk." Bishkek, August 9, 2013

«Азаттық» тілшісі Ұлан Эгизбаев Қырғызстандағы жемқорлыққа қарсы күреске қатысты сайысты жеңіп алды.

Бұл шараны «Тұрақты экономикалық дамуға жәрдемдесу» бағдарламасының қолдауымен бизнес қауымдастықтардың Ұлттық альянсы ұйымдастырды.

Эгизбаев «телевизиялық БАҚ-та жарияланған үздік материал» аталымында жеңіп шықты. «Баспасөзде және интернет басылымдарда жарияланған үздік материал» аталымы бойынша «Слово Кыргызстана» газетінің тілшісі Галина Лунева үздік деп танылды.

Марапаттау рәсімі желтоқсанның 29-да, Бішкек қаласындағы «Хаятт» қонақүйінде өтті. Ұйымдастырушылардың пікірінше, жоғары кәсіби біліктілігі мен қабілетін көрсеткен журналистердің жеңісіне күмән жоқ. Бұл сайыс 2016 жылдың наурызына дейін ай сайын өткізіліп тұрады.

XS
SM
MD
LG