Ссылки доступа

Ресейде ИМ-ге көмектескені үшін екі студент сотталды


Generic -- Wooden gavel and books (©Shutterstock)

Generic -- Wooden gavel and books (©Shutterstock)

"Ислам мемлекетіне" қаржылай көмек көрсеткені үшін екі ресейлік студент қыз бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Астрахань қаласындағы медицина институтында оқитын Елена Аршаханова және Саида Халикова үйге қажет бұйымдар мен қолдан жасалған сабын сатудан түскен ақшаны ИМ есепшоттарына аударып отырған деп айыпталды. Былтырғы жылдың желтоқсанынан бері қамауда отырған Халикова шамамен 43 мың рубль жолдады делінеді. Оның адвокаты бұл ақшалардың мұқтаж жандарға көмектесетін ислам қайырымдылық ұйымдарына арналғанын уәж етуде.

Сот өкілі Ирина Жирнованың айтуынша, екі қыз да кінәларын мойындаған. Халикованың анасы қызының тергеу барысындағы қысымға шыдамай қол қойғанын айтады.

Билік орындарының мәліметінше, Ирак пен Сирияда ИМ жағында 2 900-ге жуық ресейлік соғысып жатыр. Ресейлік ұлттық террорға қарсы комитет 2014 жылы елге 214 күдікті ссодырдың қайтып келгенін, оның 41-і тұтқындалғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG