Ссылки доступа

АҚШ Сириядағы құрбандар туралы ақпараттарға алаңдаулы


USA-- State department spokesperson, Mark Toner

USA-- State department spokesperson, Mark Toner

АҚШ қыркүйектің 30-да басталған ресейлік әскери әуе шабуылдарынан Сириядағы бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы мәліметтердің жиілеп кеткенін байқауда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде осы мәселені көтерген. Бұл туралы сейсенбіде Мемлекеттік департамент өкілі хабарлады.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер үкіметтік емес топтардан ресейлік әуе шабуылдарынан апаттық құтқару қызметінің жұмысшылары секілді жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны және аурухана, мектеп пен базарларды қиратқанын әшкерелейтін "ерекше алаңдататын баяндама" келгенін хабарлады.

"Біз Ресей әуе шабуылдарын бастағалы бері, бейбіт тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің көбейгеніне алаңдаған мәліметтер санының өскенін байқап отырмыз",- деді Тонер.

Ресей Сирияның бейбіт тұрғындарын бомбалағанын жоққа шығарады. Жексенбі күні әуе-ғарыштық күштерінің бас қолбасшысы Виктор Бондарев Сириядағы операция кезінде ресейлік әскерилердің "бірде-бір рет мүлт кетпегенін " және "мектеп, аурухана және мешіт секілді "тыйым" салынған нысандарға тимегенін" мәлімдеді.

Бұған дейін халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы ресейлік әуе күштерінің Сириядағы қыркүйектен қарашаға дейінгі аралықтағы шабуылдарынан кем дегенде 200 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және ондаған адамның жараланғанын хабарлады. Көптеген үй, мешіт, базар, аурухана қираған. Құқық қорғаушылар бұл шабуылдардың халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін бұзатынын айтуда. Мұның алдында Human Rights Watch ұйымы да Ресейге осындай айыптар таққан болатын.

XS
SM
MD
LG