Ссылки доступа

БАҚ: 2016 жылы Байқоңырдан 20-ға жуық зымыран ұшырылады


2016 жылы Байқоңырдан жиырмаға жуық ғарышқа зымыран ұшырылады деп хабарлайды «Интерфакс – Қазақстан» агенттігі. Оның ішінде үш зымыран Халықаралық ғарыш станциясына жүк жеткізу үшін жіберіледі екен.

Бұл сан алдыңғы жылдармен салыстырғанда аз. Осыған дейін Байқоңырдан жылына кем дегенде отызға жуық зымыран ұшырылып келген.

1957 жылдан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан шамамен 1450 зымыран ұшырылған. Оның ішінде ресейлік «Протон-М» ауыр кластық зымыраны да бар.

XS
SM
MD
LG