Ссылки доступа

Рубль бір жылдағы құнсыздануының ең төменгі шегіне жетті


Ресей рублі желтоқсанның 30-да 1 долларға шаққанда 73 рубль 20 тиынға арзандап, бір жыл ішіндегі долларға байланысты ең төменгі деңгейіне құлады.

Рубль былтырғы жылғы құнының 40 пайызын жоғалтты және оның қазіргі бағасы былтырғыға қарағанда 20 пайызға кем. Ел экономикасы батыстың экономикалық санкциялары мен мұнай бағасының арзандауының салдарларын тартып отыр.

Ресейдің экономикасы Мәскеудің Қырымды басып алғаны және Украина шығысындағы жікшілдерді қолдағаны үшін АҚШ, Еуропа Одағы және басқа елдер салған санкциялардан қатты зардап шекті. Ресейдің басты экспорттық тауарының бірі – мұнай бағасы қазір 11жыл ішіндегі ең төменгі деңгейде тұр.

Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев желтоқсанның 29-да үкімет ұлттық валютаның құнсыздануынан бұрын, бюджеті жоспарлауға қиындық келтіретін оның бағамының құбылып отырғанына ерекше алаңдайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG