Ссылки доступа

Қырғызстан электр қуатын шұғыл түрде Қазақстаннан сатып алуда


Toktogul GES

Toktogul GES

Қырғызстан Қазақстанмен электр қуатын сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде.

Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрі Темир Сариевтің жетекшілігімен өткен энергетика компаниялары басшыларының жиналысында мәлім болды.

«Біз қажетті шұғыл шараларды қабылдаудамыз. Қазақстандағы әріптестермен келіссөз жүргіздік. Бүгін немесе ертең бұл мәселе бойынша шешім қабылданады», - деді үкімет өкілі Кубанычбек Турдубаев.

Турдубаев Токтоғұл СЭС-гі жүріп жатқан жөндеу жұмыстары болжам бойынша келесі жылы қаңтардың 15-де аяқталатынын хабарлады.

Желтоқсанның 28-де Тоқтоғұл СЭС-де май толтырылған кабельдерден май ағуының кесірінен төрт генератордың үшеуі апатты жағдайда істен шыққан болатын. Қазігі таңда екі гидроагрегат қана істеп тұр.

XS
SM
MD
LG