Ссылки доступа

Ресей түрік компанияларына құрылыс және туризммен айналысуға тыйым салды


Russai -- Russian Prime Minister Dmitry Medvedev chairs a government meeting in Moscow, November 26, 2015
Russai -- Russian Prime Minister Dmitry Medvedev chairs a government meeting in Moscow, November 26, 2015

Ресей үкіметі 2016жылдың қаңтардың 1-нен бастап, түрік компаниялары атқара алмайтын жұмыстардың тізімін жариялады.

Тізімге құрылыс, сәулет және инженерлік-техникалық жобалау, туристік қызмет және мемлекет қажетін өтеуге арналған қызмет түрлері мен ағаш өңдеу кіреді.

Құжат үкіметтің сайтында жарияланған. Бұл тыйым желтоқсанның 30-на дейін келісім жасалған түрік компанияларына жүрмейді.

Ресей мен Түркия арасы қарашаның аяғында түрік әскери әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын түрік-сирия шекарасында атып түсіргелі бері нашарлап кетті. Ресей Түркияға қарсы санкциялар қабылдады.

XS
SM
MD
LG