Ссылки доступа

Ташкентте «арзан» Аяз Ата мен Ақшақар қалмаған


Ukraine, Crimea - Simferopol New Year, 26Dec2014

Ukraine, Crimea - Simferopol New Year, 26Dec2014

Ташкент тұрғындары желтоқсанның 31-де Аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақырғаны үшін екі миллион сом төлейді, басқа күндері баға төмен – 150 мың сом.

Өзбекстанның кейбір облысында Ақшақарға шабуыл жасаудың жиілеп кеткені сонша, тұрғындарға Ақшақар киімін киген ер адам немесе жалғыз Аяз Ата ғана келуге мәжбүр.

Аяз Аталардың көпшілігі желтоқсанныың 31-де бос болмайтындарын, сондықтан тапсырысты басқа күнге ғана алатынын мәлімдеді. Ташкенттегі «Флора» мерекені ұйымдастыру агенттігінің өкілі желтоқсанның 31-де агенттіктің Аяз Аталары мен Ақшақарлары тек күндіз үйге келе алатындарын хабарлады. Былтыр адамдардың мас күйінде Ақшақарларға шабуыл жасаған оқиғалары тіркелген.

«Аяз Аталардың да саны аз, олар негізінен жоғары лауазымды шенеуніктердің үйіне шақырылған.Олар шенеуніктерге тегін жұмыс істеуге барады», - деді облыстық театрлардың бірінің директоры.

Алдыңғы жылдары Өзбекстанда Аяз Аталар мен Ақшақарлардың үй иелерінің мастығын пайдаланып, баспаналарын тонап кеткен оқиғалар жиі кездескен. Жаңа жылды тойлау қарсаңында билік азаматтарға бейтаныс аяз Ата мен Ақшақарды үйге шақырмауға кеңес береді.

XS
SM
MD
LG