Ссылки доступа

Жалал-Абадта діни экстремистердің үйлерінде тінту болды


Kyrgyzstan-Jalal-Abad, Terror, 25Dec2015
Kyrgyzstan-Jalal-Abad, Terror, 25Dec2015

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында милиция қызметкерлері мен қауіпсіздік орындарының өкілдері бір мезетте «Хизб ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымның 11 белсенді мүшесінің үйінде тінту жүргізді.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту барысында жікшілдікке үндейтін ақпарат жазылған үнпарақтар, кітаптар, дисктер мен флэш-карталар және есірткі заттары табылған. Мұндай шара тұрғындар арасындағы діни-экстремистік үгіт-насихаттың таралуының алдын алу мақсатында өткізіліп тұрады.

Ресми дерек бойынша, Жалал-Абад облысында 500-ге жуық адам милицияда діни-экстремистік ұйым мүшесі ретінде есепте тұр.

XS
SM
MD
LG