Ссылки доступа

Мәскеу полициясы Тәжікстан азаматшасына ұлын қайтарып берді


Tajikistan -- Children of Tajik migrant workers in Russia wait for their arrival at the airport in Dushanbe, November 2, 2013

Tajikistan -- Children of Tajik migrant workers in Russia wait for their arrival at the airport in Dushanbe, November 2, 2013

Мәскеу полицейлері жақында анасынан күштеп тартып алған баланы босатты.

Насимджон Рахмоновтың ұсталғаны туралы ақпаратты ол оқыған босқындарды бейімдеу және оқыту Орталығының директоры Ольга Николаенко хабарлаған болатын. Орталық өкілдері Ресейдегі Тәжікстан елшілігінің Консулдығына хабарласқан соң, мәселе елшілік пен бала істері жөніндегі омбудсмен Павел Астаховтың араласуымен шешілді.

2015 жылдың қазанында Санкт-Петербургтегі тексеру кезінде, федералды көші-қон қызметінің өкілдері анасынан тартып алған Умарали Назаров есімді сәбидің өлімі қоғамды дүрліктірген еді.

XS
SM
MD
LG