Ссылки доступа

Өзбекстанда ішімдік ішкенге салынатын айыппұл мөлшері өсті


Uzbekistan -- vodka for Uzbek security service, 2 October 2014

Uzbekistan -- vodka for Uzbek security service, 2 October 2014

Желтоқсанның 30-нан бастап Өзбекстанда қоғамдық орындарда ішімдік ішкендерге салынатын айыппұл өсті.

Жұмыс орнында, көшеде, стадиондарда, скверлер мен саябақтарда, қоғамдық көліктерде және басқа да қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкендер 1/2 АЕК немесе 11 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейді.

Тәртіп бұзу бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 1/2 ден 2 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Алкогольді ішімдіктерді үйлену тойы, мерейтойлар мен өзге де салтанатты кештер және рәсімдерде, сонымен бірге алкогольді өнімдерді құйып сатуға рұқсат етілген сауда және қоғамдық тамақтану орындарында ішуге болады.

XS
SM
MD
LG