Ссылки доступа

«Құмтөр» қызметкері Макфиттің ісі қауіпсіздік комитетіне жіберілген


Қаракөл қаласының прокуратурасы «Құмтөр» кенішінің қызметкері Майкл Макфиттің ісін Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберген. Бұл жөнінде Азаттыққа Ыстық көл облысының ішкі істер басқармасының басшысы Эмил Салиев хабарлады.

Алдын Майкл Макфит Қаракөл қаласының қонақ үйінде делінген болатын. Бірер күн бұрын прокурор оны тергеуге алған.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсанда Майкл Макфит өзінің«Фейсбуктегі» парақшасына Қырғызстанның ұлттық тағамын жылқының жыныс мүшесімен салыстырып пост жазған.

Бұл көпшіліктің және «Құмтөр» қызметкерлерінің де наразылығын туғызған. Олар Қырғызстанның ұлттық дәстүрін сыйлап, компания қызметкерлерінен кешірім сұрауын талап еткен. Осы оқиғадан кейін Майкл Макфит 3 қаңтар күні түнде «Манас» әуежайында ұсталып, Қаракөлге жеткізілген.

Кейін Макфит «Фейсбук» арқылы кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG